«Яндекс» – Қазақстан футбол федерациясының жаңа демеушісі атанады


«Яндекс» компаниясы мен Қазақстан футбол федерациясы бес жылға арналған ұзақмерзімді әріптестік жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды Sports24.kz. Жаңа келісімге сәйкес, «Яндекс» КФФ-тың ресми серіктесі атанады.
Ынтымақтастық аясында ұлттық құрамаларды қолдау, қазақстандық футболдың цифрлық инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ медиа, технология және жастар арасында спортты насихаттау бағытында бірлескен жобалар жүзеге асырылады.
КФФ өкілдері ірі технологиялық компаниямен жасалған бұл келісім еліміздегі футбол саласын цифрландыруда жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан футболының халықаралық деңгейде дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Ал «Яндекс» компаниясы өз кезегінде аймақтық спортты дамыту мен жастардың спортқа тартылуын қолдау – олардың басым бағыттарының бірі екенін мәлімдеді.
Жақын арада «Яндекс» логотипі Қазақстан ұлттық құрамаларының жейделерінде пайда болады, сондай-ақ федерацияның маркетингтік және медиа жобаларына интеграцияланады.
Айта кетейік, «Яндекс» – 1997 жылы негізі қаланған ірі ресейлік технологиялық компания. Компания іздеу жүйелері, карталар, такси және жеткізу сервистері, ақылды құрылғылар мен жасанды интеллектке негізделген шешімдер әзірлейді. Бүгінде «Яндекс» Қазақстанда да белсенді жұмыс істеп, түрлі цифрлық қызметтерді ұсынып отыр.
Бұған дейін Sports24.kz КФФ букмекерлік демеушіліктен бас тартатынын хабарлаған еді.


Футбол
Бүгін 13:52