Вячеслав Федорищев Магомед Адиевтің «Крылья Советов» клубынан кететіні туралы ақпаратты теріске шығарды


Самара облысының басшысы Вячеслав Федорищев «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Магомед Адиевтің «Крылья Советов» клубындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бапкер жаттығу процесіне кірісті, ал оның кетуі туралы айтылғандар — клуб ішіндегі жағдайды шайқалтқысы келетіндердің әрекеті.
«Бұл – достық ниет танытпайтын тараптардың мүлде негізсіз алыпқашпа әңгімесі. Бапкер өз жұмысын бастап кетті, біз ұзақ күткен мықты маман. Оның алдында сүйікті командамызды дамыту бойынша үлкен міндеттер тұр. Жаттықтырушының ойыншылармен алғашқы кездесуі бірнеше күн бұрын өтті, жаттығулар басталып кетті.
Апта ішінде командаға қосылатын ойыншылардың тізімі толық бекітілді. Бұл – мықты футболшылар. Команда күшейіп жатыр, дамып келеді. Баршаңызды матчтарға шақырамын – бұл «Крылья Советов» жанкүйерлері үшін үлкен мереке болмақ», – деді Федорищев «Матч ТВ»-ге Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында берген сұхбатында.
Адиев маусым айында самаралық клубтың бас бапкері болып тағайындалған еді. Бұған дейін кейбір дереккөздер клуб басшылығы ішіндегі келіспеушіліктерге байланысты маман қызметінен кетуі мүмкін деп хабарлаған. Алайда жаттықтырушы футболшылармен алғашқы кездесуді өткізіп, жаттығу жұмысын бастап кеткен.
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Адиев «Крылья Советовтан» кетпейді – клуб ақпаратты теріске шығарды