Виталий Жуковский келесі маусымда Ордабасының бас бапкері атануы мүмкін
“Атырау” футбол клубының бас бапкері Виталий Жуковский келесі маусымда “Ордабасы” командасының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы “Kazakh_football_inside” Telegram арнасы хабарлады.
Жуковский “Атырауды” 2022 жылдың тамыз айынан бері жаттықтырып келеді. Бұған дейін ол Беларусьтің “Ислочь” және БАТЭ клубтарында қызмет атқарған. Оның жаттықтырушылар құрамында тағы екі беларус маманы — Павел Плют пен Андрей Мисюк бар.
2024 жылғы Қазақстан чемпионатында “Атырау” 7-орынға табан тіресе, “Ордабасы” 4-орынды қанағат тұтты. Айта кетейік, шымкенттік клуб өткен маусымда Беларусь маманы Александр Седневтің басшылығымен чемпион атанған еді. Алайда Седнев биыл тамыз айында қызметінен кетіп, маусымның қалған бөлігін команданы Кирилл Кекер басқарды.
Футбол
Бүгін 06:11
Футбол
Бүгін 04:58
Бокс
Бүгін 03:54