Виталий Жуковский Атыраумен қоштасты, дегенмен оның клубтағы болашағы әлі белгісіз
40 жастағы беларусь маманы Виталий Жуковский Instagram желісінде сторис арқылы “Атырау” клубымен қоштасқанын жариялады.
“Атырау, бәрі үшін рахмет. Әлі де кездесеміз деп үміттенемін”, – деп жазды маман.
Айта кетейік, келісімшарт аяқталғанына қарамастан, “Атырау” басшылығы бапкермен толықтай қоштасуды жоспарлап отырған жоқ. Клубтың бас менеджері Жуковскиймен келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты. Дегенмен, клуб маусымның қарбаласынан кейін бапкерге аздап демалып, күш жинауға уақыт беруді жөн көрген.
Виталий Жуковскийдің “Атырау” клубындағы бас бапкер ретіндегі болашағы туралы соңғы шешім тараптар арасындағы келіссөздерден кейін жақын арада қабылданады.
Қазақстан чемпионатының өткен маусымында “Атырау” турнир кестесінде 35 ұпай жинап, жетінші орын алды.