locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Винисиустың қатысы бар ма? «Реал» 11 жыл бұрынғы антирекордты қайталады

Футбол 06 сәу 2025 03:23
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Винисиустың қатысы бар ма? «Реал» 11 жыл бұрынғы антирекордты қайталады
Фото: gettyimages

5 сәуірде Ла Лиганың 30-шы турындағы матчта «Реал» өз алаңында «Валенсиядан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды

Ойынның 13-ші минутында мадридтік клубтың бразилиялық ойыншысы Винисиус Джуниор пенальтиді жүзеге асыра алмады. Оның соққысын қонақтардың қақпашысы Джордж Мамардашвили қайтарды.

«Реал» үшін бұл ағымдағы маусымда жүзеге асырылмаған бесінші 11 метрлік айып добы болды. Команда ойыншылары барлық турнирлерде 16 рет пенальти теуіп, оның 11-ін ғана футболшылар сәтті пайдаланған. Бір маусымда іске асырылмаған бес пенальти — клуб үшін 2013/2014 маусымынан бергі ең нашар көрсеткіш. Сол маусымда «Реал» Ла Лигада үшінші орын алды. Испания Кубогы мен Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Осы матчтан кейін «Реал» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде «Барселонадан» төрт ұпайға артта қалып, екінші орында келеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie