locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Винисиус Жуниор «Реалмен» 2030 жылға дейін келісімшартын ұзартты және клубтағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі атанды

Футбол 24 мам 2025 02:52
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Винисиус Жуниор «Реалмен» 2030 жылға дейін келісімшартын ұзартты және клубтағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі атанды
ФОТО: Getty Images

Бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор мадридтік «Реал» клубымен келісімін 2030 жылға дейін ұзартты, деп хабарлады Sport.es.

Дереккөздің мәліметінше, 24 жастағы ойыншымен жаңа келісімшарт жасасу клубтың жалақы лимиті - €15 миллионнан асып кетуіне себеп болған. Енді Винисиус жылына €20 миллионнан артық табыс табатын болады, бірақ бұл сома €30 миллионнан аспайды. Осылайша, ол клубтағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылар қатарына қосылып отыр. Оның қатарына «Реалдың» жаңа жұлдызы Килиан Мбаппе де енеді.

Келісімшарттың мұндай шарттары клубтың жалақы саясатына өзгеріс енгізуге себеп болуы мүмкін. Өйткені басқа да жұлдыз ойыншылар Винисиустың үлгісімен жалақысын арттыруды сұрауы ықтимал деген қауіп бар.

Айта кетейік, бұған дейін бразилиялық футболшының келісімі 2027 жылдың жазыға дейін есептелген еді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie