Винисиус испандық БАҚ тарапынан қасақана шабуыл жасалынуда деп ойлайды
Винисиус Жуниор испан баспасөзі оған қарсы науқан бастады деп есептейді, деп хабарлайды Cadena SER басылымы.
Бұл туралы журналист Тоньо Гарсиа El Larguero басылымына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, Винисиус өзінің мінез-құлқын БАҚ-та үнемі талқылаудан шаршаған. Сонымен қатар, “Реал Мадрид” сол қаптал шабуылшысы өзі туралы жалған ақпаратқа, әсіресе Килиан Мбаппемен қарым-қатынасы нашар деген қауесеттерге ашуланды.
"Винисиустың айналасындағы адамдар оның төңірегінде тым көп шу бар екенін айтты және олар Испанияда Винисиусқа қарсы науқан басталды деп санайды. Олардың ойынша Испания нәсілшіл ел.
Винидің Мбаппемен қарым-қатынасы нашар екендігі туралы қауесеттер тарап жатыр, бірақ шын мәнінде барлығы керісінше. Олар тіпті голдарын бірге тойлайды және тамаша тіл табысады", - деді Гарсия.
Бұған дейін, Ла Лига президенті Хавьер Тебас нәсілшілдікке қарсы күрестегі прогресстің қалай жүріп жатқаны туралы айтқан болатын.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49