locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Виктор Осимхен жарақатаны байланысты қатардан бірнеше аптаға шығып қалды

ФОТО:  Getty images

Түркиялық “Галатасарай” клубының шабуылшысы Виктор Осимхен жарақатына байланысты бірнеше аптаға қатардан шығып қалды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

Команда өкілдерінің мәліметінше, ойыншының жамбас бұлшық етінде қатты созылу және ісіну анықталды.

Еске сала кетейік, Осимхен өткен сенбі күні Түркия чемпионаты аясында өткен “Касымпашаға” қарсы матчтың үзілісінде ауыстырылған болатын. Футболшының толық қалпына келуі бірнеше аптаға созылады, ал ол қарашаның ортасына дейін алаңға оралмайды деп күтілуде.