locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Салах «Трабзонспор» сапындағы алғашқы голдарын соқты

Мысырлық футболшы дубль жасап, оған Шомуродов өз голымен жауап берді
ФОТО: x.com/fabrizioromano
Түркия Супер Лигасы
23.08.2026, Аяқт.
Трабзонспор
2
Истанбул Башакшехир
1

Мохамед Салах түріктің «Трабзонспор» командасындағы алғашқы голдарын соқты, деп хабарлайды Sports24.kz. Жұлдызды мысырлық форвард Түркия Суперлигасының екінші турында «Башакшехирдің» қақпасына дубль жасады.

Айта кетерлігі, мысырлық аңыздың қос голына Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов жауап қайтарды — ол кездесудің 19-минутында пенальтиден гол соқты.

Алайда Шомуродовтың голы оның командасына осы кеште ұпай алуға жеткіліксіз болды: Салах пен оның серіктестері 2:1 есебімен жеңісті тойлады.

Тағы бір айта кетер жайт, бұл — «Ливерпуль» және Мысыр құрамасының аңызы үшін «Трабзон» сапындағы екінші матч. Бұған дейін «Касымпашаға» қарсы ойында Салах алаңға қосалқы құрамнан шыққанымен, нәтижелі әрекет көрсетпеген еді.

Еске сала кетсек, 34 жастағы шабуылшы 2025/26 маусымы аяқталған соң «Ливерпульден» кетті. Ағылшын клубы қатарында ол 2017 жылдан бері өнер көрсетіп, 442 матчта 257 гол соғып, 123 нәтижелі пас берген.

Мерсисайдтықтармен бірге Салах Чемпиондар лигасын, екі Англия чемпионатын, Англия лигасы кубогын, Англия кубогын, УЕФА Суперкубогын, клубтық әлем чемпионатын және басқа да трофейлерді жеңіп алды.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie