ВИДЕО. Роберто Карлос қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады


Әлем чемпионы, Америка кубогының екі дүркін иегері, Олимпиаданың қола жүлдегері, Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы және әйгілі "Галактикос" дәуіріндегі мадридтік "Реалдың" бірнеше дүркін Испания чемпионы, аңызға айналған бразилиялық футболшы Роберто Карлос қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
"Құрметті қазақстандық жанкүйерлер, Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктем мерекесі қуаныш, сәттілік пен жаңа жеңістер алып келсіг! Жүректеріңізде жылу, отбасыларыңызда береке, өмірлеріңізде футболдағыдай жарқын сәттер көп болсын!", - деді футболшы.
Айта кетейік, бразилиялық аңыз футболшы 2-3 сәуір күндері Алматыда өтетін спорттық маркетинг пен бизнеске арналған Meta Sport Forum атты ірі халықаралық шараның құрметтін қонағы болады.

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59