locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

ВИДЕО. Пеп Гвардиола «Манчестер Ситидің» камбегі жайлы

Футбол 12 сәу 2025 13:58
Айдана Смагулова
Айдана Смагулова
ВИДЕО. Пеп Гвардиола «Манчестер Ситидің» камбегі жайлы
ВИДЕО. Пеп Гвардиола «Манчестер Ситидің» камбегі жайлы

Англия Премьер-лигасының 32-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Кристал Пэлас» командасын 5:2 есебімен ойсырата жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Ойыннан кейін «Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола өз командасының өнерін және қарсыластың мықты дайындығын жоғары бағалады.

««Кристал Пэлас» бұл матчқа керемет формада келді. Соңғы алты турда - ең үздік команда, ал соңғы 10–11 ойында - нәтижесі бойынша екінші орында. Олар бізден әлдеқайда жақсы формада еді. Сол себепті 0:2 есебінен қайта оралу оңайға соққан жоқ. Бірақ біз өз жоспармызға берік болдық, ал ойыншылар барлық аспект бойынша өте жақсы ойнады»,- деді Гвардиола.

Сонымен қатар, ол команда мінезі мен тәртіптің ерекше рөл атқарғанын атап өтті. Дәл осы қасиеттер «Ситиге» камбек жасап, сенімді жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

«Манчестер Сити» келесі кездесуін 19 сәуірде сырт алаңда «Эвертонға» қарсы өткізеді. Қазіргі таңда команда 55 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр және Чемпиондар лигасына жолдама алу үшін күресті жалғастыруда.

Пеп Гвардиоланың толық сұқбатын Sports24.kz. YouTube-арнамыздан көре аласыз.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie