Ванда Нара Икардиден 38,5 млн евро талап етуде
"Галатасарай" клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Мауро Икарди Ванда Нарамен ресми түрде ажырасып жатыр.
Бұл жағдайға байланысты Ванда Мауродан €38,5 млн талап етуде. Ол өзінің қолдауымен Икардидің табысты мансап құрғанын және миллиондаған евро тапқанын айтып, өзінің "әділ үлесін" сұрауда, деп хабарлайды Nogo Mania.
Сондай-ақ, Ванда алимент талап етуде, себебі олар екі қызына бірге тәрбие берген. Ванда Нара қазіргі уақытта аргентиналық рэпер L-Gante-мен кездесіп жүр, бірақ ажырасу рәсімі әлі аяқталған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Ванда Икардидің агенті болып, оның мүддесін қорғаған. Қазіргі уақытта "Интер" клубының басшылығы мен футболшының арасында оның мінез-құлқы мен Ванданың әрекеттеріне қатысты түсініспеушіліктер болғаны жөнінде хабарлар тараған.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49