Ван Нистелрой АПЛ клубын басқаруы мүмкін
Футбол
Бүгін 00:10
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: gettyimages.com
"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы уақытша бас бапкері Руд ван Нистелрой Ағылшын Премьер-Лигасының клубын басқаруы мүмкін.
Журналист Руди Галеттидің мәліметі бойынша, "Лестер" клубы қазірдің өзінде нидерландтық маманмен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Еске салсақ, 24 қарашада "Лестер" Стив Куперді қызметінен босатқанын жариялаған болатын.
Ван Нистелрой өткен жазда "Манчестер Юнайтедке" жаттықтырушының көмекшісі ретінде қосылған еді. Эрик тен Хагтың отставкасынан кейін 48 жастағы маман уақытша бас бапкер болып тағайындалған болатын.
Танымал жаңалықтар
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:07
Теннис
Бүгін 01:30