locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Валерий ГРОМЫКО: "Қазақстанда инфрақұрылым сәл ақсаңдап тұр"

Валерий ГРОМЫКО: "Қазақстанда инфрақұрылым сәл ақсаңдап тұр"
ФОТО: transfermarkt

“Қайраттың” жартылай қорғаушысы Валерий Громыко Қазақстан чемпионатының инфрақұрылымының деңгейі туралы пікірімен бөлісті.

“Қазақстанда инфрақұрылым сәл ақсаңдап тұр. ”Астананың" стадионында жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Жақын арада команда сонда көшетін болады. “Қайраттың” керемет базасы бар. Мен бұрын ешқашан мұндай нәрсені көрген емеспін. Қажеттің бәрі “Қайратта” бар.

Бірінші сапар Павлодарға, “Елімаймен” ойынға бардық. Сол кезде мен бірінші рет жатын орындары бар автобус көрдім. Оған қатты таң қалдым. Ол жерге жету үшін алты-сегіз сағат кетті. Алдымен ұшақпен, сосын автобусқа міндік. Жол жағымсыз болды", - деді Громыко “На банке” YouTube арнасына берген сұхбатында.

Валерий Громыко осы жазда “Қайратқа” ауысты. Өткен маусымда футболшы клуб сапында барлық жарыстарда 14 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie