Валенсия жанжал: Рафа Мир қыз зорлады деген айыппен қамауға алынды
Футболшы Рафа Мир қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды. 25 және 21 жастағы 2 әйел адам «Валенсия» ойыншысы мен оның досын футболшының үйінде болған агрессивті әрекеттері үшін айыптады. Бұл іс сәрсенбіде сотта қаралатын болады.
«Валенсияға» жалға берілген «Севилья» шабуылшысы Рафа Мир,өзінің жеке үйінде жасалған сексуалдық зорлық-зомбылыққа байланысты тергеу аясында қамауға алынды. Бұл оқиғаға қатысы бар басқа ер адам да қамауға алынды. Зардап шеккендер медициналық көмекке жүгініп, шағым түсірген, деп хабарлайды Cadena SER және MARCA.
Бар мәліметтерге сәйкес, футболшы Валенсиядағы Каламоча көшесіндегі тергеу изоляторында түнеген. Сәрсенбіде ол сотқа тартылуы керек, деп хабарлайды үкімет делегациясындағы дереккөздер. Оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні футболшының Валенсия маңындағы үйінде жеке кеш ұйымдастырған кезде болған. El Mundo мәліметінше, көршілердің полицияға қоңырауынан кейін әйелдер Массамагреллдегі азаматтық гвардия бөлімшесіне шағым түсірген.
Азаматтық гвардияның тергеушілері де оқиғаның куәгері болған 21 жастағы жәбірленушінің досынан түсініктеме алған. Сот тергеуі жабық режимде жүргізілуде. Сейсенбі күні Рафа Мир азаматтық гвардияда жауап берді және кейінірек оны сотқа береді, онда сот істің әрі қарайғы барысын шешеді.
«Валенсия» футбол клубы әзірге пікір білдіруден бас тартты, себебі іс әлі тергеу сатысында. Дегенмен клуб ресми мәлімдеме жасап, Рафа Мирдың қамауға алынғанынан хабардар екенін және қажет болған жағдайда әділдік орнату үшін ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52