locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Валенсия жағдай матчтан матчқа нашарлауда: клуб соңғы 67 жылдағы ең нашар көрсеткішін көрсетті

ФОТО:  ФК ВАЛЕНСИЯ
Валенсия соңғы 67 жылдағы ең нашар көрсеткішін көрсетті

“Валенсия” соңғы 67 жылдағы ең нашар бастамасын көрсетті. Испания чемпионатының оныншы турында Рубен Бараханың командасы өз алаңында “Лас-Пальмасқа” 2:3 есебімен жеңілді. Алаң иелері сапында Пепелу (14-минутта, пенальти) және Сезар Таррега (90+4’) гол соқты. Қонақтар Алекс Муньос (43’), Фабиу Силва (53’) және Альберто Молейроның (84’) голдарымен жауап берді. “Қарлығаштар” 69-минутта Пепелудың тікелей қызыл қағаз алғаннан кейін алаңда 9 ойыншымен қалды.

Бұл жеңілістен кейін “Валенсия” Ла Лига кестесінде 6 ұпаймен ең соңғы, 20-орынға түсті. Бұл команда үшін 1957/58 маусымынан бергі ең нашар көрсеткіш, ол кезде “қарлығаштар” чемпионаттың он турында бес ұпай жинаған болатын.

Келесі турда Рубен Бараханың командасы сырт алаңда “Хетафемен” ойнайды. Матч 27 қазанда өтеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie