Валенсия су тасқынынан қайтыс болған бұрынғы ойыншысын аза тұтуда
"Валенсия футбол клубы су тасқынынан зардап шеккен Хосе Кастильехоның қайтыс болуына байланысты қайғырады", - деп, хабарламада айтылған. "Хосе Кастильехо клубтың жастар жүйесін 18 жасқа дейін өтіп, аймақтағы басқа командаларда да ойнаған".
Максимилиано Кауфриес, Хесус Васкес және Тьерри Рендалл қаланы қиратқан су тасқынынан кейін жергілікті тұрғындар жиналған Месталья стадионында азық-түлік жинауға көмектескендердің арасында байқалды. Клуб - Валенсиялық банкісімен күш біріктіріп өзінің стадионың "азық-түлік пен қажетті заттардың қоймасына" айналдырғанын мәлімдеді. Қаза тапқандар саны кем дегенде 158-ге дейін өсті, бұл қаланың тұрғындарыңа қатты соққы болды және осындай ауыр жағдайда клубтың сингапурлық иесі Питер Лимнен назар аударылды.
Дауылға дейін Валенсия Ла Лиганың 11 матчында бір ғана жеңіске жетіп, соңғы орынды иеленген еді. Жанкүйерлер Лимге команданың нашар ойынынаң кейін наразы болды, оны клубты тек бизнес ретінде қарастырды деп айыптады. Осы айда мыңдаған адамдар "Месталья" ғимаратының жанында наразылық білдірді, олардың көпшілігі "Үйлеріне тараңдар" деген плакаттармен келген болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52