Вайсс Смаковты Чемпиондар Лигасында сенсация жасаған командаға шақырды
Вайсс және оның командасы Чемпиондар Лигасының соңғы іріктеу кезеңінде Данияның “Мидтьюлландтан” айласын асырып, турнирдің негізгі кезеңіне өтті.
Вайсс пен Смақов алматылық "Қайратта"бірге жұмыс істеген кезден бастап таныс. Содан бері Самат Кабирович Вайсспен достық қарым-қатынаста болды. Вайсс Смаковқа өз клубында жаттықтырушылық тағылымдамадан өтуді және Братислава командасының ішкі тыныс-тіршілігімен танысуды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Смақов "Елімайды" басқарып, команданы Бірінші лигада жеңіске жетелеген болатын.
Вайсс "Қайратты" 2013 жылдан 2015 жылға дейін басқарды, содан кейін Грузия құрамасын төрт жыл жаттықтырды, ал 2021 жылдан "Слованды" басқарады, бұл клубпен Словакияның чемпионатын 3 рет жеңіп алды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52