locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Вахид МАСУДОВ: “Зайнутдинов сияқты ойыншылар далада қалмайды”

Вахид МАСУДОВ: “Зайнутдинов сияқты ойыншылар далада қалмайды”

Белгілі футбол маманы Вахид Масудов қазақстандық форвард Бақтиер Зайнутдиновтың түркиялық "Бешикташтан" кетуі туралы өз ойымен бөлісті.

"Бақтиер Бешикташтан кетсе де, ол клубсыз қалмайды. Ол сияқты футболшылар сұранысқа ие. Мұндай ойыншылар далада қалмайды. Сонымен қатар, Бақтиер жанжалды ойыншы емес және одан не қалайтынын тез түсінеді. Ол команданы ынталандырып және басқарып білетін адам", - деп Масудовтың сөзін жазады Taspa News интернет-басылымы,

Осы маусымда "Бешикташ" құрамында Бақтиер Зайнутдинов ойнаған жоқ. Өткен маусымда қазақстандық форвард түрік командасы үшін 35 матч өткізіп, бір гол соқты.