Вахид МАСУДОВ: “Браннға қарсы матчта бәрі Астана ойыншыларының өздеріне байланысты болады”
Белгілі футбол маманы Вахид Масудов Конференция лигасының плей-офф сатысындағы норвегиялық "Бранн" мен "Астана" матчына қатысты өз пікірімен бөлісті.
"Алдағы матч елордалық футболшылар үшін өте қиын болады. "Бранн" айқын басымдыққа ие. Бұл допты ұстауда, гол соғу кезінде де байқалды. Бапкерлер штабына өткен матчты жақсы талдап, қателіктермен жұмыс істеп және ойынға нақты тактика құру қажет болды.
Физикалық тұрғыдан әлсіз болғанымызбен, біздің футболшыларда жақсы орындаушылар бар. Кем дегенде Камара мен Томасовты алыңыз. Өкінішке қарай, алдыңғы матчта мен футболшылардан командалық ойын көрмедім. Сондықтан ойыншылардың әлі де жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, жауапты матчта қорғанысқа назар аударған жөн. Сәтсіздікке ұшырамау керек. Гол жіберіп алу "Астананың" Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуына нүкте қоюы мүмкін. Әзірге ойынға нақтылық жетіспейді, бірақ елордалық клубтың еурокубоктарда үлкен тәжірибесі бар, сондықтан бәрі өздеріне байланысты. Басқа мүмкіндік болмайды", - деп Масудовтың сөзін жеткізеді Taspanews интернет-басылымы.
Естеріңізге сала кетейік, Норвегиядағы алғашқы матчта "Астана" 0:2 есебімен жеңілген болатын.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49