locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Усман Дембеле ПСЖ қатарына қайта оралады

ФОТО:  Getty images

Инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле жексенбі күні “Ниццаға” қарсы өтетін матчқа қайта оралады.

Ойыншы Луис Энрике алдында кешірім сұрағаны және оның кешірімі испандық бапкердің күткені екені нақтыланды. Энрике мен Дембеле арасындағы кикілжің толық шешіліп, жағдай қалпына келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Дембеле күтпеген жерден “Арсеналға” қарсы өткен Чемпиондар лигасының екінші турына қатысатын ойыншылар тізіміне кірмей қалды (0:2). Француз баспасөзінің мәліметінше, бұған футболшы мен Луис Энрике арасындағы келіспеушілік себеп болған.