Украиналық Трубин Чемпиондар лигасы матчы алдында ресейлік Головинмен қол алысудан бас тартты
“Бенфика” қақпашысы, украиналық Анатолий Трубин Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-турындағы матч алдында “Монако” ойыншысы, ресейлік Александр Головиннің қолын алудан бас тартты.
Камералар Головиннің қолын созғанын, бірақ Трубиннің бұл қимылды елемей, өтіп кеткен сәтін түсіріп алды. Осыдан кейін Головин украиналық қақпашыға таңғала қарағаны байқалды.
Александр Головин бұл жағдайға сабырлы әрі позитивті түрде жауап берді, егжей-тегжейіне тоқталмады.
“Кешегі жағдайға мүлдем бәрібір, қызық емес, ұмыттық болсын”, – деді Головин өзінің тікелей эфирінде.
Матч “Бенфиканың” 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. “Монако” сапында голдарды Элисс Бен Сегир мен Сунгуту Магасса соқты, ал Головин нәтижелі паспен көзге түсті. “Бенфика” үшін Вангелис Павлидис, Артур Кабрал және Зеки Амдуни мергендік танытты.
Келесі турда, 11 желтоқсанда, “Монако” сырт алаңда лондондық “Арсеналмен” ойнайды, ал “Бенфика” өз алаңында итальяндық “Болоньяны” қабылдайды.