locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Украина құрамасының бұрынғы ойыншысы ҚПЛ жайлы: Деңгейі расымен жоғары

Футбол 11 сәу 2025 16:45
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Украина құрамасының бұрынғы ойыншысы ҚПЛ жайлы: Деңгейі расымен жоғары
ФОТО: kazfootball

Украина құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы және «Тобыл» клубының экс-жаттықтырушысы Эдмар Қазақстан Премьер-лигасындағы жұмысынан алған әсерімен бөлісті.

Маман ел ішіндегі бәсекелестіктің жоғары екенін атап өтті және ҚПЛ-ды Украина чемпионатымен салыстырды.

«Чемпионат өте тартысты өтті - соңғы турға дейін кім чемпион болатыны белгісіз болды. Жүлделер үшін бірнеше команда таласты. Қазақстан футболы туралы бұған дейін көп білмейтінмін - тек оқу-жаттығу жиындарында клубтармен жолыққаным бар. Бірақ осы маусымды Қазақстанда өткізгеннен кейін чемпионаттың деңгейі расымен жоғары екенін айта аламын», - деді Эдмар «Украинский футбол» басылымына берген сұқбатында.

Сонымен қатар, ол инфрақұрылым мәселесіне де назар аударды.

«Украинада инфрақұрылым жақсы дамыған - стадиондар мен алаңдар сапалы. Ал Қазақстанда кейде алаң сапасы ойыншылардың өз мүмкіндігін толық көрсетуіне кедергі келтіреді. Әсіресе легионерлер үшін бұл қиын - кейбіреуі мұндай жағдайға бейімделе алмай қалады», — деді ол.

Эдмар 2024/25 жылғы маусымда Қостанайдың «Тобыл» клубының жаттықтырушылар құрамында жұмыс істеді. Ол командамен 2024 жылдың 10 шілдесінде келісімшартқа отырған. Ол Нұрбол Жұмасқалиев басшылығында қызмет етті.

Қазіргі таңда «Тобыл» ҚПЛ турнирлік кестесінде 4 турдан кейін 8 ұпаймен 4-орында тұр. Команда келесі кездесуін 13 сәуірде Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Жетісуға» қарсы өткізеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie