locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Уэйн Руни Тен Хагты қолдап, Манчестер Юнайтед ойыншыларының алаңда дұрыс ойнау керектігін айтты

Уэйн Руни Тен Хагты қолдап, Манчестер Юнайтед ойыншыларының алаңда дұрыс ойнау керектігін айтты

“Манчестер Юнайтед” тарихындағы ең үздік сұрмерген Уэйн Руни Эрик тен Хагты қолдап, бапкер команданың жағдайын жақсарту үшін барын салып жатқанын, ал негізгі мәселе ойыншылардың алаңда жеткілікті түрде тырыспай, өз мүмкіндіктерін толық көрсете алмауында екенін атап өтті.

“Әрине, бұл клуб иелеріне де байланысты. Мен Nен Хагтың керемет бапкер екеніне сенімдімін. Ол бұрын жұмыс істеген барлық жерінде, соның ішінде “Манчестер Юнайтед” командасында да жүлделер жеңіп алды. Қазір оның басынан қиын кезеңдер өтіп жатыр және ол мұны өзі де мойындайды деп ойлаймын. Тен Хаг жағдайды жақсарту үшін бар күшін салып жатыр деп білемін. Ойыншылар, мен бұл туралы өткен маусымда да айтқанмын, қазіргі көрсетіп жатқанынан әлдеқайда көп еңбек етуі керек,” — деді Руни Sky Sports эфирінде.

Еске сала кетейік, “Манчестер Юнайтед” соңғы нәтижелерге байланысты бас бапкерді қызметінен босату мәселесін қарастыруда.