locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Уэйн Руни Фил Фоденді Англия құрамасының қазіргі таңдағы үздік ойыншысы деп атады

Уэйн Руни Фил Фоденді Англия құрамасының қазіргі таңдағы үздік ойыншысы деп атады

Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни ұлттық команданың ең үздік ойыншысы деп кімді санайтынын айтты.

“Менің ойымша, ең үздігі - Фил Фоден. Бұл маусымда ол “Сити” үшін аз ойнағанын білемін, бірақ өз шыңында ол Англия құрамасының ең мықты футболшысы. Коул Палмер “Челсиге” ауысқаннан бері керемет ойнап жүр, сондай-ақ Джуд Беллингемнің “Реалда” көрсетіп жатқан ойындарын да атап өтуге болады, бірақ менің пікірімше, ең үздігі - Фоден”, - деді Руни talkSport эфирінде.

Осы маусымда Фил Фоден “Манчестер Сити” сапында жеті матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды.