locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА Еуропа Лигасы. Аякс түрік алыптарынан басым түсті, Рома мен Атлетик ұпай бөлісті

Фото: официальный сайт UEFA

26 қыркүйек бейсенбіде УЕФА Еуропа лигасының 1-ші туры аясында соңғы матчтар өтті.

"Аякс" ван Бронкхорст жаттықтыратын "Бешикташтан" айтарлықтай мықтырақ болды. Фариоли шәкірттері осы маусымда алғаш рет осындай сенімді жеңіске жетті – 4:0.

"Айнтрахт" Франкфурт "Виктория" Пльзеньге қарсы матчта жеңісті уысынан шығарып алды – 3:3. Неміс клубы соңғы 10 минутта екі голдық артықшылығын жоғалтты.

Бухаресттің "Стяуасы" латвиялық РФШ-ты 4:1 есебімен оңай жеңді. Румындар өз жанкүйерлерінің қолдауымен турнирдің аутсайдерін еш қиындықсыз ұтты.

"Лион" "Олимпиакосты" 2:0 есебімен жеңді. Француздардың сенімді жеңісі команда үшін болашаққа көп үміт береді. Ал гректер өткен жылы еурокубокты жеңіп алған командаға әзірге ұқсамайды.

"Рома" мен бильбаолық "Атлетик" 1:1 есебімен тең түсті. Екі тең қарсыластың ойыны. Маусымның басында екі клубта да қиындықтар болғанымен, әр матч сайын жақсарып келеді.

"Брага" Израильдің "Маккаби" Тель-Авивтен жеңіліп қала жаздады, бірақ соңғы сәтте жеңісті жұлып алды – 2:1.

“Аякс” - “Бешикташ” - 4:0 (1:0)

Голдар: Фитц-Жим, 31 (1:0); Годтс, 51 (2:0); Тэйлор, 55 (3:0); Годтс, 73 (4:0)

“Айнтрахт” Франкфурт - “Виктория” Пльзень - 3:3 (1:1)

Голдар: Экитике, 38 (1:0); Сульц, 41 (1:1); Эбимбе, 62 (2:1); Кристенсен, 67 (3:1); Аду, 86 (3:2); Йемелка, 90+ (3:3)

“Стяуа” Бухарест - РФС - 4:1 (2:1)

Голдар: Бирлиджеа, 8 (1:0); Липусчек, 23 (1:1); Стефанеску, 32 (2:1); Олару, 58 (3:1); Олару, 69 (4:1)

“Лион” - “Олимпиакос” - 2:0 (0:0)

Голдар: Шерки, 65 (1:0), Бенрахма (2:0)

“Рома” - “Атлетик” Бильбао - 1:1 (1:0)

Голдар: Довбик, 32 (1:0); Паредес, 85 (1:1)

“Брага” - “Маккаби” Тель-Авив - 2:1 (0:1)

Голдар: Давида, 30 (пенальти, 0:1), Брума 88 (1:1); Брума, 90+ (пенальти, 2:1)

Еске сала кетейік, Еуропа лигасының келесі туры 3 қазанда өтеді.