locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА 2024/25 маусымға арналған Чемпиондар Лигасының добын таныстырды

УЕФА 2024/25 маусымға арналған Чемпиондар Лигасының добын таныстырды

УЕФА мен Адидас 2024/25 маусымының Чемпиондар Лигасына арналған жаңа допты ресми түрде таныстырды. Ойын атрибуты екі түрлі түсте ұсынылады.

УЕФА ақпаратына сәйкес, қара-ақ түсті доп ерлер турнирінде қолданылса, әйелдер турнирлері қызыл-ақ түсті допта өнер көрсететін болады. Адидас компаниясы - УЕФА-ның басты серіктестерінің бірі, ол бірнеше жыл бойы Еуропаның ең беделді турнирлеріне доптар жасап келеді.

Айта кету керек, осы маусымда Чемпиондар Лигасы жаңа форматқа көшеді. Енді турнирге 36 команда қатысып, бір лигада жарысады. Жалпы, әр команда топтық кезеңде өзара сегіз матч өткізеді.

Чемпиондар Лигасына іріктеудің финалдық матчтары бүгін өтеді. Астана уақытымен 29 тамыз күні сағат 21:00-де 2024/25 маусымдағы Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылады.