ЦСКА Ахматты ойсырата жеңді: Максим Самородов негізгі құрамда шықты және командаға көмектесе алмады
Грозныйлық "Ахмат" командасында ойнайтын қазақстандық шабуылшы Максим Самородов Ресей Премьер-Лигасының 10-турында мәскеулік ЦСКА командасына қарсы матч өткізді.
Мәскеудегі кездесу алаң иелерінің пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Алғашқы голды 19-минутта ЦСКА және Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев соқты. 42-минутта бразилиялық қорғаушы Келлвен алаң иелерінің басымдығын еселей түсті, ал 50-минутта Файзуллаев дубль жасап, матчтың қорытынды есебін тіркеді.
Максим Самородов "Ахмат" құрамында негізгі құрамда шығып, 84-минутта алмастырылды.
Еске салайық, Самородов биылғы жылдың тамыз айынан бері "Ахмат" сапында өнер көрсетіп келеді. Шабуылшы 6 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрәлі Әліптің “Зенит” -“Краснодар” арасындағы ойында негізгі құрамда шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Теннис
Бүгін 07:55
Футбол
Бүгін 03:35