locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Түркістан футбол клубына техникалық жеңіліс берілді

Түркістан футбол клубына техникалық жеңіліс берілді

Бірінші лиганың 23-туры аясындағы «Екібастұзға» қарсы ойынға қатыса алмағаны үшін Түркістан командасына Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік комитетінің шешімімен техникалық жеңіліс берілді.

2024 жылдың 5 қыркүйегінде Екібастұздағы «Шахтер» стадионында өтуі тиіс ойын түркістандықтардың келмеуіне байланысты өтпей қалды. Комитет отырысының нәтижесінде оңтүстік командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс беру жайлы шешім қабылданды.

Дәл қазіргі таңда екібастұздықтар 35 ұпай жинап, Бірінші лиганың турнирлік кестесінде 8-орында тұр. «Түркістан» 15 ұпаймен 12-ші орынға жайғасты.