locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Түрік басылымдары. Зайнутдинов «Бешікташтың» үмітін ақтамаған басты ойыншы

Футбол 10 сәу 2025 16:05
Тимур Салимов
Тимур Салимов
Редактор
Түрік басылымдары. Зайнутдинов «Бешікташтың» үмітін ақтамаған басты ойыншы
ФОТО: Бешикташ

«Бешікташ» клубында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов стамбұлдық команданың үмітін ақтамаған ең үлкен ойыншыларының біріне айналды, деп жазады Aksam басылымы.

Басылым мәліметінше, 27 жастағы футболшы Мәскеудің ЦСКА клубынан ауысқалы бері өзіне артылған сенімді ақтай алмаған. Бұған басты себеп - жарақаттар. Осыған байланысты Бақтиер ұзақ уақыт бойы алаңнан тыс қалды.

Егер өткен маусымда Зайнутдинов «Бешікташ» сапында 37 ойынға қатысқан болса, биылғы маусымда бар болғаны 12 матчқа ғана шықты. Оның ішінде небәрі бес кездесуде ғана негізгі құрамда өнер көрсетті.

Қазіргі уақытта да қазақстандық футболшы жарақатына байланысты ойнай алмай жүр. Ол соңғы рет 26 қаңтар күні «Антальяспорға» қарсы матчта алаңға шыққты. Сол уақыттан бері 2,5 ай өтті. Алдағы «Башакшехирге» қарсы ойында да оның алаңға шығуы күтілмейді. Дегенмен, футболшының толық қалпына келу кезеңі аяқталуға жақын екені айтылған.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie