Трибунадағы тыныштық: Вадуцтағы Қазақстанның жеңісін қанша жанкүйер тамашалады?
Футбол
26 нау 2025 03:39

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: kff_team инстаграм парақшасынан
Лихтенштейн астанасы Вадуцта 25-нен 26-наурызға қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Лихтенштейн құрамаларының кездесуі өтті.
Ойын қазақстандықтардың сенімді жеңісімен аяқталды – 2:0.
Football Meets Data порталының ресми статистикаға сәйкес, «Райнпарк» стадионының трибуналарында 1 123 көрермен жиналған. Жалпы, аренаның сыйымдылығы 7 мыңнан асады, ал оның 5 873 орны – отырғызуға арналған.
Айта кетейік, бұл матч Қазақстан құрамасы үшін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші кездесу болды. Алғашқы ойында команда Уэльске 1:3 есебімен жол берген еді.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек