Қызылжар бапкері: “Төрешілер, өздеріне қойылатын талаптарды арттыру керек шығар”
Петропавлдық Қызылжар командасының бапкері Али Алиев ҚПЛ 10-турында Елімайға қарсы өткізген ойыннан кейін өз ойымен бөлісті.
Бұл матч екі команда үшін де жақсы болды. Елімай ойыншылары алаң иелері ретінде ойынды қарқынды және белсенді бастады. Бірақ біздің жігіттерге жарады, жаттығуда айтылған тапсырмаларды орындап шықты. Бірінші таймдағы бір шабуыл сәтті шықты. Соғылған гол жай гол емес, біз бұны жаттығу кезінде ойластырғанбыз. Мен кездейсоқ гол соқпағанымызға қуаныштымын. Екінші тайм біз мүмкіндіктерді пайдала алмадық. Біз үзлісі кезінде екінші таймда бізде аз мүмкіндік болатынын, және оны пайдалану керектігін ескерттік. Кейбір сәттерді айтпағанда, команда жақсы ойын өткізді. Қарсылас бізге қарағанда жақсы, құрамы да мықты. Бірақ осы матч үшін жігіттерге ризамын.
Тағы бір айта кететін жайт, бізге гол соққан кезде төрешілер қалай жұмыс істегені түсініксіз. Біз адам ауыстыруға дайын болдық, бірақ олар бір-бірін естімейді, біреуін де гарнитура істемеді. Бас төреші қапталдағы төрешіге қарайды, ешқандай белгі жоқ. Соның кесірінен біздің ойыншылардің зейіні ауып кетті де, гол соғылды. Осындай жайттар ойынға әсер етпесе екен деймін. Төрешілер ойын жоғары деңгейде өту үшін өздерінің жұмыстарын арттыру керек шығар деп ойлаймын, - деп хабарлады kazfootball.kz сайты Алиев сөзін
Еске сала кетейік Қызылжар қонақта Елімайдан 1:2 есебімен жеңілген болатын.
Футбол
Бүгін 14:42
Теннис
Бүгін 14:08
Футбол
Бүгін 13:47