Төрехан САБЫРХАН: “Рингті жақсы сезініп алдым”
Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Жарыстың кезекті күні шаршы алаңға 67 келідегі ұлттық құрама капитаны Төрехан Сабырхан шықты. Ол ауғанстандық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Төреханның жекпе-жектен кейін мынадай пікір білдірді.
“Кездесу жеңіл өтті. Жеке бапкеріммен осындай тактика құрдық. Қарсыласты алдап көрдік. Бұған қоса, қатты қыса бермей, өзіме шақырып та айқастым. Жоспарды ойдағыдай істеп шықтым. Рингті жақсы сезініп алдым. Енді өзбек боксшысымен жұдырықтасамын. Біз оған дайынбыз. Бабым жақсы. Осы әлем чемпионатында көк туымызды биіктен желбіретемін”, - деді Төрехан Сабырхан.
Енді Төрехан 29 қазан күні өзбекстандық Акбар Ахмадовпен кездеседі.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52