«Тұран» шабуылшысы Константин Дорофеев Ресейдің жастар құрамасына шақырту алды
Футбол
23 мам 2025
14:31

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: fc.turan инстаграм парақшасынан
Түркістандық «Тұран» футбол клубының шабуылшысы Константин Дорофеев Ресейдің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырту алды.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Ресейдің жастар құрамасы маусым айының басында Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді. Кездесулер 5 және 8 маусым күндері Ферғана қаласында өтеді.
Қазақстан Премьер-Лигасының биылғы маусымында Дорофеев тоғыз ойынға қатысып, әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ. Қазіргі уақытта «Тұран» тоғыз турдан кейін турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр.
Келесі кездесуін түркістандық команда 25 мамыр күні өткізеді. Олар оныншы тур аясында өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасын қабылдайды.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 06:06

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек