Тұран қорғаушысы Николич: Ақсу әлі күнге дейін маған екі айлық жалақымды төлемеді
Түркістандық “Тұран” футбол клубының сербиялық қорғаушысы Марко Николич Meta-ratings.kz басылымына берген сұхбатында өзінің болашақ мансабына қатысты жоспарларымен бөлісіп, павлодарлық “Ақсу” клубы бұрынғы ойыншылардың бірнешесіне, соның ішінде өзіне, әлі күнге дейін жалақы төлемегенін мәлімдеді.
“Қазіргі таңда Болгарияның екі клубымен және Литва чемпионатының көшбасшы клубтарының бірімен келіссөздер жүргізіп жатырмын. Алдағы уақытта бәрі қалай болатынын көреміз. Қазақстанға қайта оралуға деген қызығушылығым да жоқ емес, себебі биыл “Тұран” сапында өзімді өте жайлы сезіндім. Бірақ, “Ақсу” жайлы олай айта алмаймын, өйткені олар әлі күнге дейін маған ғана емес, басқа да ойыншыларға екі айлық жалақыларын төлемеді. Бұл мәселенің шешілетініне үміттенемін. Себебі біреудің бірнеше ай жұмыс істеп, өз еңбегінің ақысын алмауы ақылға сыймайды. Бұл тек футболда ғана емес, кез келген салада осылай, әрқайсымыз жұмыс істеп, отбасымыз үшін табыс табамыз.
“Тұран” клубындағы адамдармен қарым-қатынасым өте жақсы. Егер лайықты командадан ұсыныс түссе, Қазақстанға үшінші жыл қатарынан оралар едім. Сіздердің менталитеттеріңіз бен өмір сүру салттарыңыз сербиялықтарға ұқсас, сондықтан бізге бейімделу оңай. Бұл мені қуантады. Мансабымның жаңа кезеңі қандай мүмкіндіктер әкелетінін көреміз. Тек жақсылықтан үміттенемін және жаңа сынақтарға дайынмын”, - деп бөлісті Николич.
Айта кетейік, Марко Николич 2023 жылдың шілдесінде “Ақсу” клубымен келісімшартқа отырып, клуб сапында 11 матч өткізді. Ағымдағы маусымда сербиялық қорғаушы “Тұран” сапында барлық турнирлерде 26 матчқа қатысты. Ойыншының “Тұран” клубымен келісімшарты жылдың соңына дейін жарамды.
Қалдияров-ҚФФ президенті лауазымына кандидат туралы: "Мен Апсалямовты көремін"
Футбол
Бүгін 14:42
Теннис
Бүгін 14:08
Футбол
Бүгін 13:47