locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Тұран» қарызын өтемеді: бұрынғы қақпашы өтемақы талап етіп, сотқа жүгінуге дайын

ФОТО: ФК Қайрат

Футболдан «Тұран» клубының бұрынғы қақпашысы Дінмұхаммед Жомарт клубқа ресми талап жолдап, жалақы бойынша берешекті және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сенімді дереккөздің мәліметінше, Жомарт «Тұран» клубы оған 2024 жылдың қазаны үшін 450 000 теңге жалақы, сондай-ақ 28 күн пайдаланылмаған демалыс үшін 840 000 теңге өтемақы төлемегенін айтады. Жалпы талап сомасы – 1 290 000 теңге.

Футболшы клуб құрамында 2024 жылғы 14 қаңтардан бастап ресми еңбек шарты негізінде ойнаған. Ішкі дереккөздер Жомарттың клуб белгіленген мерзімде жауап бермесе, әділдікке құқықтық жолмен қол жеткізбек ниетте екенін хабарлайды.

«Тұран» клубының өкілдері әзірге бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ. Алайда, отандық футболда қаржылық ашықтық мәселесіне қызығушылық артып келе жатқанын ескерсек, бұл жағдай кең қоғамдық резонанс тудыруы мүмкін.

Дінмұхаммед – алматылық футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 2018 жылы «Қайрат» дубль құрамында бастаған. Еліміздің Жоғарғы лигасындағы алғашқы ойынын 2020 жылы өткізген. «Қайрат-Жастар» және «Қайрат-Мәскеу» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасына шақыртылған. Қазіргі маусымда қақпашы елордалық «Жеңіс» клубының намысын қорғауда.

Биылғы маусымда «Тұран» бес турдан кейін жеті ұпаймен алтыншы орында тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie