locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Тоттенхэмнің жаңа жұлдызы Джонсон қатарынан алты гол соғып келеді

ФОТО:  Getty images

“Тоттенхэм” Англия Премьер-лигасының 7-турында “Брайтонға” қонаққа барды.

Лондондық команда бірінші таймда қарсыласқа екі гол соқты. Қос голды қарсылас қақпасына Бреннан Джонсон мен Джеймс Мэддисон дәл көздеді.

Айта кететін жайт, Джонсон 2019 жылдан бері барлық турнирлерде “Тоттенхэм” үшін қатарынан алты ойында гол соққан алғашқы ойыншы болды. Соңғы рет бұл дәрежеге Харри Кейн жеткен болатын.

Қызығы, осы сериядағы Джонсонның алты голы өткен маусымдағы бүкіл нәтижесінен асып түсті, ол кезде ол 34 ойында 5 гол соққан болатын.