locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Тоттенхэмнің» трофейге апарар жолы: сәтсіз маусымнан Еуропа лигасының жеңімпазына дейін

Футбол 21 мам 2025 17:05
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Тоттенхэмнің» трофейге апарар жолы: сәтсіз маусымнан Еуропа лигасының жеңімпазына дейін
ФОТО: Getty images

21-ші мамырдан 22-не қараған түні Лондонның «Тоттенхэм» клубы 17 жылға созылған үміт пен сағынышты тоқтатып, 2008 жылдан бергі алғашқы трофейін жеңіп алды. Еуропа лигасының финалында «қызыл сойқандарды» 1:0 есебімен жеңген бұл жетістік – жай ғана кубок емес, ауыр маусымда қайта түлеген клуб рухының айғағы.

Постекоглу баптайтын команда маусым бойы қиындықпен бетпе-бет келді: Премьер-лигада 17-орын, Кубоктан «Ливерпульден» жеңіліп жартылай финалда шығып қалу, жанкүйер мен сарапшы сыны, сенімсіздік пен тұрақсыздық. Бірақ дәл осы Еуропа лигасы «Тоттенхэм» үшін қайтадан тірілу аренасына айналды - мұнда команда мінез, қайсарлық және өз күшіне сенімділікті көрсетті.

Финал – сол сапардың шарықтау шегі болды. Бұл маусымда «Тоттенхэм» төртінші мәрте «Манчестер Юнайтедті» жеңді. Мұндай жетістік бұған дейін тек 1985/86 жылғы маусымда «Эвертонның» қолынан келген. Енді «Тоттенхэмнің» есімі еуропалық футбол тарихында алтын әріптермен жазылады.

Трофейден бөлек, бұл жеңіс командаға 2025/26 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама сыйлады. Осы маусымдағы қиындықтарды ескерсек, бұл жеңіс сөзбен жеткізгісіз үлкен жетістік.

Финалға дейінгі жол да оңай болған жоқ. Топтық кезеңде «Тоттенхэм» сегіз ойында алты жеңіске жетіп, 17 ұпай жинады. Қарсыластары қатарында «Қарабах» (3:0), «Ференцварош» (2:1), «АЗ» (1:0), «Хоффенхайм» (3:2), «Эльфсборг» (3:0), тең түскен матчтар – «Рома» (2:2), «Рейнджерс» (1:1), жалғыз жеңіліс – «Галатасарайға» (2:3).

Плей-офф кезеңінде «Тоттенхэм» «АЗ» (3:2), «Айнтрахт» (2:1) және Норвегияның «Буде/Глимт» клубын (3:1, 2:0) сенімді түрде артта қалдырды. Ал финалда – тарихи жеңіс: «Манчестер Юнайтед» – 1:0.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie