locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тоттенхэм Вилсон Одоберттің трансфері бойынша Бёрнлимен келісімге келді

Футбол 16 там 2024 08:15
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Тоттенхэм Вилсон Одоберттің трансфері бойынша Бёрнлимен келісімге келді

Фабрицио Романо 19 жасар вингердің "Бёрнлиден" "Тоттенхэм" сапына ауысатынын ресми мақұлдады. "Клареттіктер" ойыншының ауысымынан бонусты қоса есептегенде 35 миллион + болашақ сатылымынан 10 % пайда көреді. 2023 жылдың жазында француздық ойыншы "Труа" сапынан тұманды Альбионға 6 миллион еуроға ауысқан болатын. Қазіргі уақытта ойыншы Transfermarket порталында 10 миллион еуро тұрады.

Одоберт ПСЖ клубының тәрбиеленушісі, бірақ париждіктер үшін негізгі құрамында бірде бір матч өткізбеді және 2022 жылы еркін агент ретінде "Труа" сапына ауысты. 2022/2023 маусымда Вилсон жалпы 32 ойын өткізіп: 4 гол, 2 голдық паспен көзге түсті.

"Тоттенхэм" Ағылшын Премьер-Лигасының бірінші турында "Лестерге" қарсы ойнайды. Ойын ысқырығы 20 тамыз күні, Астана уақытымен 00:00-де шалынады. Маусымының алғашқы ойынына "шпорлар" сапындағы Ива Биссума қатыспайды. Қолдануға тиым салынған көңілді газбен, С классындағы есірткіні пайланғаны үшін бірінші командадан шеттетілді.