locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тошич ҚПЛ-ға оралудан бас тартты

Фото: Тобол

Тобылдың экс ойыншысы Зоран Тошич ҚПЛ-ға оралудан бас тартты, деп хабарлайды Meta-ratings. Футболшы басқа нұсқаларды қарастырады.

Осы жазда 37 жастағы хавбекке Сербия, Грекия және Қазақстаннан ұсыныс түскен. Барлығын да кері қайтарды. Бірде-біреуі ойыншының көңілінен шақпапты.

Сербиялыққа әлі де ұсыныстар түсуде. Ол өзіне тамыз соңына дейін жаңа клуб таңдамақ.

Қазіргі таңда Тошич грекиялық Ламия командасынан кеткелі беріп еркін агент статусында жүр. Сербиялық ҚПЛ-да Тобыл сапында 2021-23 жылдар аралығында өнер көрсетті.

Ол 48 матчқа қатысып, 11 гол және 13 голдық пас берген. Тобыл сапында Қазақстан чемпионы және суперкубок иегері атанды.