locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Тони Кроос 2025 жылғы клубтық Әлем чемпионатының жаңа форматын сынға алды

ФОТО:  Getty images

Мадридтік “Реалдың” бұрынғы ойыншысы Тони Кроос 2025 жылы АҚШ-та өтетін клубтық Әлем чемпионатының жаңа форматына наразылық білдірді.

“Кейбіреулерге оянып, футболшылар туралы көбірек, ал ақша туралы азырақ ойлану керек. Мұндай турнирді ұйымдастыру – толық жауапсыздық. Бұл клубтық Әлем чемпионаты сәтсіз болады”, – деп Кроостың сөзін Sky Sport Germany Einfach mal Luppen подкастына сілтеме жасай отырып келтірді.

Айта кетейік, осы турнирге қатысушылар саны 7-ден 32 командаға дейін өседі, ал қатысушылар Африка, Азия, Еуропа, Америка және Океания клубтарынан тұрады. 2025 жылғы клубтық әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған.