locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Томас Тухель Англия құрамасының бас бапкері қызметіне басты үміткерлердің бірі атанды

ФОТО:  Getty images
Томас Тухель Англия құрамасының бас бапкері атануы мүмкін

Еуро-2024 турнирі аяқталғаннан кейін Англия құрамасының бас бапкері міндетін жастар командасының бұрынғы жаттықтырушысы Ли Карсли атқарып жүр.

Дегенмен, Англия футбол қауымдастығы бұл қызметке басқа үміткерді табуды қолға алған сияқты.

Bild басылымының мәліметінше, “Челси” және “Бавария” клубтарының бұрынғы бапкері Томас Тухель Англия құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуы жөнінде келіссөздерді бастаған.

Бұған дейін Ли Карслидің бас бапкер міндетін уақытша атқарушы ретінде қалатыны туралы пікірлер болған еді, және ол бұл сыбыстарға қатысты өз пікірін білдіріп, қызметінде тұрақтауға аса құлшыныс танытпағанын айтқан.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie