Томас Тухель Англия құрамасы бапкері ретінде жылына 6 млн еуро жалақы алуы мүмкін
Неміс бапкері Томас Тухель 16 қазанда Англия құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін. Журналист Флориан Плеттенбергтің әлеуметтік желілерде жариялаған ақпаратына сәйкес, 51 жастағы маман бұл лауазымда жылына 5,4-тен 6 миллион еуроға дейін табыс табатын болады. Бұған дейін Тухельдің Англия құрамасындағы жалақысы аптасына 100 мың фунт деңгейінде болатыны, бұл алдыңғы бапкер Гарет Саутгейттің табысынан жоғары екені хабарланған.
Тухель бұған дейін “Бавария” клубында жұмыс істеген, ол бұл команданы 2023 жылдың наурызынан 2024 жылдың маусымына дейін басқарды. Оған дейін Тухель “Челси” командасын жаттықтырып, 2020/2021 маусымында Чемпиондар лигасын жеңіп алған.
Қазіргі уақытта Англия құрамасының уақытша бас бапкері Ли Карсли болып табылады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20