locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Цотне Мосиашвили Қазақстан туралы өз әсерімен бөлісті

Футбол 28 нау 2025 08:30
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Цотне Мосиашвили Қазақстан туралы өз әсерімен бөлісті
ФОТО: Тобыл ФК

«Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Цотне Мосиашвили Қазақстандағы өмірі мен жергілікті мәдениет туралы ойымен бөлісті. Ол ұлттық тағамдарды алғаш рет татып көргенін айтып, елдегі футбол инфрақұрылымына қатысты пікір білдірді.

«Қазақстан - өте үлкен ел. Мұнда көптеген қала бар, табиғаты мен климаты мүлде басқа. Мәдениеті де, адамдары да ерекшеленеді. Бұған дейін Еуропада болдым, бірақ Азияда алғаш рет болуым. Қазақстандағы кейбір қалалар азиялық, ал кейбіреулері еуропалық қалаларға ұқсайды», - деді Мосиашвили «Olimpbet Arena-ға» берген сұқбатында.

Грузиялық футболшы қазақтың ұлттық тағамдарын алғаш рет жеп көргенін де жасырмады.

«Жылқы етін бірінші рет татып көрдім және дәмі маған ұнады. Бұрын-соңды жеп көрмедім, бірақ дәмді екен. Ал бешбармақ - меніңше, Қазақстандағы ең керемет тағам», - деді ол.

Футболшы елдегі инфрақұрылым мәселесіне де тоқталды.

«Менің ойымша, Қазақстандағы басты мәселе - инфрақұрылым. Еуропадағыдай жағдай мұнда жоқ. Табиғи шөпті алаңдар көбейгені дұрыс. Қостанайда бір ғана үлкен табиғи алаң бар, басқа қалаларда ондай алаңдарды көрмедім. Бұл әсіресе балалар үшін маңызды. Жас ойыншылар табиғи алаңда ойнауы керек», - деді Цотне.

Мосиашвили 2024 жылдың жазында «Жетісу» сапынан «Тобылға» ауысты. Талдықорғандық клубта ол Кайрат Нұрдәулетовтің қол астында ойнады. Дәл осы командада Цотне қазақстандық футболға бейімделе бастады. Оған дейін ол Грузияның бірнеше клубында, соның ішінде ел чемпионы болған «Динамо» (Батуми) командасында өнер көрсеткен.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie