locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Тимур Досмағамбетов – «Оқжетпестің» ТОП-5 ойыншылардың қатарына кірді

Футбол 13 мам 2025 01:45
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Тимур Досмағамбетов – «Оқжетпестің» ТОП-5 ойыншылардың қатарына кірді
ФОТО: ФК «Окжетпес»

«Оқжетпес» командасының 36 жастағы қорғаушысы Тимур Досмағамбетов клуб тарихындағы Премьер-лигадағы ең көп ойын өткізген бес ойыншының қатарына енді. Ол команда сапында 102 матч өткізіп, 15 гол соққан.

Көкшетаулық футбол мектебінің түлегі ел чемпионатындағы алғашқы ойынын 2008 жылдың 17 мамырында «Қайратқа» қарсы матчта (2:0) өткізді. Тимур бұған дейін «Ақтөбе», «Шығыс», «Тобыл», «Тараз», «Ордабасы», «Шахтер» және «Астана» клубтарында ойнаған. Премьер-лигада жалпы 360 ойын өткізіп, 44 голдың авторы атанған.

2025 жылдың 13 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан чемпионаттарында «Оқжетпес» сапында ең көп ойын өткізген бес футболшының қатарына Евгений Захарченко (144 ойын), Олег Фистикан (111), Серік Досманбетов (107), Юрий Дяк (103) және Тимур Досмағамбетов (102 матч) енеді.

Даурен Жұмат «Оқжетпес» сапындағы 50-ойын өткізді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie