locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Тео Эрнандестің агенті: "Қазір ол Миланда бақытты және оның басты қалауы да сол"

Тео Эрнандестің агенті: "Қазір ол Миланда бақытты және оның басты қалауы да сол"

“Милан” қорғаушысы Тео Эрнандестің агенті Гарсия Куилон француз футболшысының болашаққа қатысты жоспарларымен бөлісті.

“Болашаққа келер болсақ, футболда бәрі тез өзгеруі мүмкін. Қазіргі уақытта оның мақсаты — “Миланда” қалып, жаңа келісімшартқа қол жеткізу. Бір жылдан кейін не болатынын айта алмаймын. Қазір ол “Миланда” бақытты және оның басты қалауы да сол.

Қазіргі кезде біз клубпен жаңа келісімшарт туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпыз, маусым айынан бері бізде ешқандай байланыс болған жоқ. Біз “Милан” басшылығына Теоның клубта риза екенін хабарладық, бірақ содан кейін ешқандай ұсыныс немесе қоңырау алмадық.

8 миллион еуро көлеміндегі таза жалақы сұрауы? Бұл шындыққа жанаспайды”, — дейді ойыншының агенті QSVS басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Тео Эрнандестің “Миланмен” қолданыстағы келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie