Тен Хаг: "Шабуылшыларыңыздың маусымның басында-ақ гол соға бастағаны өте жақсы"
"Манчестер Юнайтед" бас бапкері Эрик тен Хаг ойыншыларының жарақаттан кейін қатарға оралғанын айтты.
"Маунт пен Хойлунд жаттығуларға қайта қосылды. Олардың командалық жаттығуларға оралғандары өте жақсы жаңалық. Біз олардың сенбі күні ойнауға дайын екенін шешуіміз керек, бірақ олардың формаға келіп, қайтадан қатарда болғаны қуантады.
Бізде алдағы уақытта өте көп матч бар, сондықтан мен олардың оралғанына өте қуаныштымын. Олар бірнеше жаттығу өткізді, ал ертең біз шешім қабылдаймыз", – деді бапкер.
Сонымен қатар, Тен Хаг Маркус Рэшфордтың қазіргі формасы туралы пікір білдірді:
“Әрине, шабуылшыларыңыздың маусымның басында-ақ гол соға бастағаны өте жақсы. Шабуылшыларға сенімділік қажет, ал бізде қазір гол соққан бірнеше ойыншы бар. Бұл команда үшін өте жақсы, себебі бұл олардың өзіне деген сенімділігін арттырады және одан да көп нәтижеге ұмтылдырады”,-дейді бапкер.
Еске салайық, маусымның басында "Манчестер Юнайтедтің" негізгі екі ойыншысы жарақат алған болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52