«Темір қорғаушы»: Тимур Досмағамбетов Қазақстан Премьер-Лигасындағы 45-ші голын соқты
Футбол
24 мам 2025
01:32

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: fcokzhetpes инстаграм парақшасынан
«Оқжетпес» командасының 36 жастағы қорғаушысы Тимур Досмағамбетов ҚПЛ-дың 9-турында «Ақтөбеге» қарсы өткен кездесуде (1:3) мерейтойлық – 45-ші голын соқты, деп хабарлады KazFootball.kz.
Көкшетаулық футбол мектебінің түлегі Тимур Қазақстан Премьер-Лигасында алғаш рет 2008 жылдың 17 мамырында «Оқжетпес» пен «Қайрат» арасындағы ойында (2:0) алаңға шыққан.
Бүгінгі күнге дейін ол «Оқжетпес» сапында 103 матч өткізіп, 16 гол соқты.
Жалпы, Қазақстан Премьер-Лигасында Досмағамбетов 361 ойынға қатысып, 45 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Қорғаушы үшін бұл - өте әсерлі көрсеткіш.
Ал 24 мамыр күні «Оқжетпес» сырт алаңда алматылық «Қайратпен» кездеседі.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек