Тартысқа толы ойын: Атланта соңғы минуттарда Мессидің клубынан жеңісті тартып алды
“Атланта Юнайтед” Лионель Месси клубын плей-оффтың бірінші кезеңінің екінші матчында жеңді (2:1, 1−1). Енді командалар шешуші ойында серияның жеңімпазын анықтайтын болады.
3 қарашаға қараған түні MLS плей-оффының 1/8 финалындағы серияның екінші матчы “Атланта” мен “Интер Майами” арасында өтті.
“Атланта” өз алаңында Майами клубын ерік-жігерімен жеңіп, 2:1 есебін тіркеді. Алғашқы таймның соңында қонақтардың қорғаушысы Эктор Мартинес есеп ашты. 58-ші минутта Деррик Уильямс есепті теңестірді. Қосымша уақыттың соңғы минутында ойынға тыңнан қосылған Шандре Силва Миранчуктың пасын дәл тоғыздыққа бағыттап, “Атлантаға” жеңіс сыйлады. Енді бұл жұптың жеңімпазы үшінші, шешуші ойында анықталады. Айта кетейік, алғашқы матчта “Интер Майами” дәл осы 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
“Атланта Юнайтед” пен “Интер Майами” арасындағы соңғы кездесу бір аптадан кейін “Чейз” стадионында өтеді.
37 жастағы аргентиналық жұлдыз Лионель Месси матчты толық ойнап, гол соға алмады және нәтижелі пас бермеді. Ол қарсыласқа дәл 4 соққы жасады, бірақ бірде-бір рет қақпа саңылауын таба алмады.
MLS плей-оффы. 1/8 финал. Серияның екінші матчы
“Атланта Юнайтед” — “Интер Майами” — 2:1 (бірінші матч — 1:2)
Голдар: Уильямс, 58; Силва, 90+4 — Мартинес, 40
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20