locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Тарихи жетістік: Арне Слот - АПЛ-де чемпион атанған алғашқы голландиялық бапкер

Футбол 27 сәу 2025 13:44
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

27 сәуір күні Англия Премьер-лигасының 35-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Тоттенхэмді» 5:1 есебімен ірі жеңіске жетіп, 2024/25 жылғы маусымның чемпионы атанды. Бұл жеңіс мерсисайдтық клубқа 82 ұпай жинап, турнир кестесінде басты қарсыластарынан алшақтап кетуге мүмкіндік берді.

«Ливерпуль» бас бапкері Арне Слот үшін бұл - Англия Премьер-лигасындағы алғашқы чемпиондық атақ. Голландиялық маман 2024 жылдың жазында клубтың тізгінін ұстап, ағылшын футболының тарихына Премьер-лиганы жеңіп алған алғашқы нидерландтық бапкер ретінде енді.

«Ливерпуль» бұған дейін Премьер-лигада соңғы рет 2019/20 жылғы маусымда Юрген Клопптың жетекшілігімен чемпион атанған болатын. Слоттың келуімен клуб қайтадан Англия футболының биігіне көтерілді. Маусым бойы тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, лайықты нәтижеге қол жеткізді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie